Мақалалар

WhatsApp хаттары қарызға дәлел бола ала ма?
Қарыз өндіру және расписка 2026 ж. 01 мау. 274 қаралым

WhatsApp хаттары қарызға дәлел бола ала ма?

Иә, WhatsApp хаттары қарызды сот арқылы өндіру кезінде дәлел ретінде қолданылуы мүмкін. Бірақ WhatsApp хаттары әрқашан жеке өзі жеткілікті дәлел бола бермейді. Сот хат алмасуды басқа дәлелдермен бірге бағалайды. Мысалы, егер борышкер WhatsApp арқылы: қарыз алғанын мойындаса; нақты соманы жазса; қарызды қайтару мерзімін көрсетсе; “ертең қайтарам”, “айдың соңында берем” деп уәде берсе; қарызды бөліп төлеуді сұраса; бұрын алған ақшаны қайтармағанын мойындаса, онда мұндай хаттар сотта маңызды дәлел болуы мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда, WhatsApp хаттары — жалғыз “король дәлел” емес, бірақ дұрыс қолданылса, істің тағдырын шешетін күшті аргумент болуы мүмкін.

Мақаланы оқу →
Расписка қолмен жазылмаса, жарамды бола ма?
Қарыз өндіру және расписка 2026 ж. 01 мау. 217 қаралым

Расписка қолмен жазылмаса, жарамды бола ма?

Көп адам қарыз туралы расписка міндетті түрде толық қолмен жазылуы керек деп ойлайды. Шын мәнінде, расписка тек қолмен жазылған жағдайда ғана жарамды болады деген қатаң талап жоқ. Расписка компьютерде теріліп, принтерден шығарылып, қарыз алушы оған өз қолын қойса, ол сотта дәлел ретінде қаралуы мүмкін. Яғни мәселе мәтіннің қолмен немесе компьютерде жазылғанында емес, қарыз алушының ақша алғанын және оны қайтаруға міндеттенгенін растайтын нақты қол қоюында. Қарапайым тілмен айтқанда: расписка Word-та жазылса да, егер ішінде бәрі дұрыс көрсетіліп, қарыз алушы қол қойса — құжат “жарамсыз” болып кетпейді.

Мақаланы оқу →
Қарызды сот арқылы өндіру үшін қандай құжаттар керек?
Қарыз өндіру және расписка 2026 ж. 01 мау. 259 қаралым

Қарызды сот арқылы өндіру үшін қандай құжаттар керек?

Қарызды сот арқылы өндіру — борышкер ақшаны өз еркімен қайтармаған жағдайда сотқа талап арыз беріп, қарыз сомасын мәжбүрлі түрде өндіріп алу процесі. Мұндай істерде ең маңызды мәселе — қарыздың бар екенін және ақшаның нақты берілгенін дәлелдеу. Сотта “ол маған қарыз” деп айту жеткіліксіз. Әр сөз құжатпен, чекпен, хатпен немесе басқа дәлелмен расталуы керек. Қысқасы, сотта эмоция емес, доказуха сөйлейді.

Мақаланы оқу →
Расписка арқылы қарызды қалай өндіріп алуға болады?
Қарыз өндіру және расписка 2026 ж. 01 мау. 291 қаралым

Расписка арқылы қарызды қалай өндіріп алуға болады?

Расписка, яғни қолхат — бір адамның екінші адамнан белгілі бір ақша сомасын алғанын және оны қайтаруға міндеттенгенін растайтын жазбаша құжат. Егер қолхатта қарыз сомасы, қарыз алған адамның деректері, қайтару мерзімі және қолы көрсетілсе, ол сотта маңызды дәлел ретінде қаралады. Көп адам “қолхат нотариуспен куәландырылмаса, күші жоқ” деп ойлайды. Бұл әрдайым дұрыс емес. Қарыз берілгенін растайтын қолхат, банк аударымы, Kaspi аударымы, WhatsApp хаттары, SMS немесе басқа дәлелдер болса, қарызды сот арқылы өндіріп алуға мүмкіндік бар.

Мақаланы оқу →
ИИ Бот