Баланы шетелге шығару үшін екінші ата-ананың келісімі керек пе?
Баланы шетелге шығару мәселесінде ең алдымен екі жағдайды ажырату керек: 1. Уақытша шетелге шығу — демалыс, емделу, оқу, жарыс, қонаққа бару немесе туристік сапар. 2. Шетелге тұрақты тұруға кету — баланың тұрғылықты жерін Қазақстаннан басқа мемлекетке ауыстыру. Уақытша сапар кезінде бала ата-анасының бірімен шетелге шықса, Қазақстан заңнамасы барлық жағдайда екінші ата-ананың нотариалды келісімін міндетті түрде талап етеді деп айту дұрыс емес. Бірақ қабылдаушы ел, виза орталығы, консулдық немесе авиакомпания өз талабын қоюы мүмкін. Ал егер бала шетелге тұрақты тұруға кететін болса, онда екінші ата-ананың нотариалды келісімі қажет болуы мүмкін. Егер екінші ата-ана келісім бермесе, бұл мәселе сот арқылы шешіледі. Қарапайым тілмен айтқанда: Түркияға 7 күн демалысқа бару бір бөлек, баланы Германияға тұрақты тұруға алып кету бір бөлек. Екеуін шатастыру — құқықтық “минное поле”.
Мақаланы оқу →
