Қарызды сот арқылы өндіріп алу үшін талап арыз берген кезде міндетті түрде мемлекеттік баж төленеді. Көп адам мемлекеттік бажды тек негізгі қарыздан есептеу керек деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде мемлекеттік баж талап қою сомасына байланысты есептеледі.
Яғни талапкер соттан қандай соманы өндіріп беруді сұраса, мемлекеттік баж сол талап сомасына қарай анықталады.
Read article →
Қарыз берген адам үшін ең маңызды сұрақтардың бірі — ақшаны тек негізгі сомасымен ғана емес, пайызымен бірге өндіріп алуға бола ма? Қазақстан заңнамасы бойынша қарызды сот арқылы өндірген кезде кейбір жағдайларда негізгі қарыз сомасымен қатар пайызды, тұрақсыздық айыпақыны, мемлекеттік бажды және заңгерлік шығындарды да талап етуге болады.
Бірақ бәрі бір нәрсеге байланысты: қарыз қандай құжатпен рәсімделген және пайыз туралы нақты келісім бар ма?
Read article →
Оңайлатылған тәртіп, яғни оңайлатылған жазбаша іс жүргізу — азаматтық істі сот отырысын өткізбей, тараптарды шақырмай, негізінен құжаттар бойынша қарау тәртібі.
Бұл тәртіп қарапайым талап арызға ұқсайды, бірақ процесс жеңілірек және тезірек өтеді. Сот тараптардың ұсынған құжаттарын, дәлелдерін, пікірлерін қарап, істі жазбаша түрде шешеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, оңайлатылған тәртіп — “құжаттар жеткілікті, сотта ұзақ талқылаудың қажеті жоқ” деген формат. Бірақ бұл “сот автоматты түрде өндіріп береді” деген сөз емес. Дәлел бәрібір мықты болуы керек.
Read article →
Сот бұйрығы — соттың даусыз талап бойынша шығаратын сот актісі. Ол талап арыз сияқты ұзақ сот процесін қажет етпейді. Сот тараптарды шақырмай, сот отырысын өткізбей, құжаттар негізінде бұйрық шығарады.
Қарыз бойынша сот бұйрығының басты артықшылығы — уақытты үнемдеу. Егер талап даусыз болса және барлық құжаттар дұрыс дайындалса, сот бұйрығын алу кәдімгі талап арызға қарағанда тезірек болуы мүмкін.
Қарапайым тілмен айтқанда: сот бұйрығы — “құжаттар анық, дау жоқ, қарызды өндір” деген қысқа процесс. Бірақ бір нюанс бар: борышкер қарсы болса, бұл режим бірден “лайттан” кәдімгі сот дауына ауысып кетуі мүмкін.
Read article →
Досудебная претензия — борышкерге қарызды ерікті түрде қайтаруды талап етіп жазылатын ресми хат. Бұл құжатта қарыздың сомасы, қашан берілгені, қандай дәлелдер бар екені және қарызды қайтару мерзімі көрсетіледі.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — “ақшаны өз еркіңмен қайтар, әйтпесе сотқа жүгінемін” деген заңды ескерту.
Досудебная претензия қарызды сотсыз қайтаруға көмектесуі мүмкін. Ал егер борышкер төлемесе, бұл құжат сотта талапкердің мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқанын дәлелдейді.
Read article →
Иә, Kaspi аударымы сотта дәлел ретінде қолданылуы мүмкін. Егер сіз бір адамға Kaspi арқылы ақша аударсаңыз және ол ақша қарыз ретінде берілген болса, аударым чегі қарызды дәлелдеуге көмектеседі.
Бірақ маңызды нәрсе бар: Kaspi чек ақшаның бір адамнан екінші адамға аударылғанын көрсетеді. Ал ол ақшаның нақты қарыз ретінде берілгенін бөлек дәлелдеу қажет болуы мүмкін.
Сондықтан Kaspi аударымы — жақсы дәлел, бірақ оны қолхат, WhatsApp хаттары, SMS, аудио немесе басқа құжаттармен күшейткен дұрыс.
Қарапайым тілмен айтқанда: Kaspi чек — “ақша кетті” дейді, ал WhatsApp немесе расписка — “бұл ақша қарыз еді” деп түсіндіреді.
Read article →
Иә, WhatsApp хаттары қарызды сот арқылы өндіру кезінде дәлел ретінде қолданылуы мүмкін. Бірақ WhatsApp хаттары әрқашан жеке өзі жеткілікті дәлел бола бермейді. Сот хат алмасуды басқа дәлелдермен бірге бағалайды.
Мысалы, егер борышкер WhatsApp арқылы:
қарыз алғанын мойындаса;
нақты соманы жазса;
қарызды қайтару мерзімін көрсетсе;
“ертең қайтарам”, “айдың соңында берем” деп уәде берсе;
қарызды бөліп төлеуді сұраса;
бұрын алған ақшаны қайтармағанын мойындаса,
онда мұндай хаттар сотта маңызды дәлел болуы мүмкін.
Қарапайым тілмен айтқанда, WhatsApp хаттары — жалғыз “король дәлел” емес, бірақ дұрыс қолданылса, істің тағдырын шешетін күшті аргумент болуы мүмкін.
Read article →
Көп адам қарыз туралы расписка міндетті түрде толық қолмен жазылуы керек деп ойлайды. Шын мәнінде, расписка тек қолмен жазылған жағдайда ғана жарамды болады деген қатаң талап жоқ.
Расписка компьютерде теріліп, принтерден шығарылып, қарыз алушы оған өз қолын қойса, ол сотта дәлел ретінде қаралуы мүмкін. Яғни мәселе мәтіннің қолмен немесе компьютерде жазылғанында емес, қарыз алушының ақша алғанын және оны қайтаруға міндеттенгенін растайтын нақты қол қоюында.
Қарапайым тілмен айтқанда: расписка Word-та жазылса да, егер ішінде бәрі дұрыс көрсетіліп, қарыз алушы қол қойса — құжат “жарамсыз” болып кетпейді.
Read article →
Қарызды сот арқылы өндіру — борышкер ақшаны өз еркімен қайтармаған жағдайда сотқа талап арыз беріп, қарыз сомасын мәжбүрлі түрде өндіріп алу процесі. Мұндай істерде ең маңызды мәселе — қарыздың бар екенін және ақшаның нақты берілгенін дәлелдеу.
Сотта “ол маған қарыз” деп айту жеткіліксіз. Әр сөз құжатпен, чекпен, хатпен немесе басқа дәлелмен расталуы керек. Қысқасы, сотта эмоция емес, доказуха сөйлейді.
Read article →
Расписка, яғни қолхат — бір адамның екінші адамнан белгілі бір ақша сомасын алғанын және оны қайтаруға міндеттенгенін растайтын жазбаша құжат. Егер қолхатта қарыз сомасы, қарыз алған адамның деректері, қайтару мерзімі және қолы көрсетілсе, ол сотта маңызды дәлел ретінде қаралады.
Көп адам “қолхат нотариуспен куәландырылмаса, күші жоқ” деп ойлайды. Бұл әрдайым дұрыс емес. Қарыз берілгенін растайтын қолхат, банк аударымы, Kaspi аударымы, WhatsApp хаттары, SMS немесе басқа дәлелдер болса, қарызды сот арқылы өндіріп алуға мүмкіндік бар.
Read article →